Павлодар облысы
ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің
қызметі туралы
Аналар кеңесі – дәстүрлі қазақстандық отбасы институтын нығайту бойынша түрлі жобаның бастамашысы және ҚХА-ның «Салауатты сана», «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Әжемнің ертегісі» республикалық жобаларын,
сондай-ақ «Өскелең ұрпаққа – өнегелі тәрбие» облыстық жобасын және т.б. іске асыру бойынша жұмыс істейді.
Облыстық Аналар кеңесінің «Отбасы – тәрбие іргетасы» авторлық жобасы жастар мен өскелең ұрпақты тәрбиелеуде Павлодар өңірінде тұратын қазақ халқы және түрлі этностардың мәдениетін, салт-дәстүрлерін, отбасылық құндылықтарын ықпалдастыруға және насихаттауға бағытталған.
Жобалар облыстың білім беру мекемелерімен,
№ 5512 және 6679 әскери бөлімдерімен, қоғамдық бірлестіктермен және мәдениет мекемелерімен жасалған ынтымақтастық туралы
меморандум шеңберінде жүзеге асырылады.
Аналар кеңесі «Қамқорлық», «Караван добра», «Мектепке жол»,
«Жүректен жүрекке» және т. б. қайырымдылық акцияларына қатысады.
«Балалары бар әйелдерді әлеуметтік-психологиялық сауықтыру және бейімдеу Павлодар қалалық орталығы», «Павлодар қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де, отбасылық үлгідегі балалар ауылында, «Аналар үйі» ҚҚ-да өтетін акциялар, жетім балалардың жас отбасыларына, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсету акциялары да дәстүрге айналған.
Павлодар облысының қалалары мен аудандарында құрамына денсаулық сақтау, білім беру, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени бірлестіктер,
бизнес-құрылымдар өкілдері кіретін 165 Аналар кеңесі жұмыс істейді.