Құрылған күні: 2006 жылғы 31 қаңтар.
Бірлестік құрамына «Славян мәдени орталығы», «Т.Г. Шевченко атындағы украин мәдениетінің Павлодар серіктестігі», «Беларусь» мәдени орталығы», «Павлодар облысының фин-угор этномәдени орталығы», «Дала өлкесінің казактар одағы» аймақтық қоғамдық бірлестігінің «Ертіс желісі» облыстық Павлодар филиалы және «Здравец» облыстық болгар этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестіктері кіреді.
Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесе отырып, «Қазақстан орыс, славян, казак ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ жоғары сынып оқушыларын жаз мезгілінде облыстық еңбек ұжымдарына жұмысқа орналастыру жобасына, сондай-ақ қоғамдық-мәдени шараларға, конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, кездесулерге қатысады.
Бірлестіктің мүшелері жыл сайынғы «Бір шаңырақ астында» жазғы фестивальға, Республика күні, Қазақстан халқы бірлігі күні, Наурыз мерекелеріне, «Рождество», «Масленица» және басқа да көпшілікке арналған Достық үйінде өтетін әртүрлі қоғамдық-мәдени іс-шаралардың қатысушылары.
Сондай-ақ этномәдени бірлестіктің мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізетін «Қайырымдылық», «Караван добра», «Мектепке жол» акцияларына қатысады.