Құрылған күні: 2021 жылғы 24 маусым
Бірлестіктің құрамына Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі, жастар бірлестігі, шығармашылық топтар кіреді.
Негізгі жобалары: жыл сайынғы K-pop фестивалі, «Сольналь» корей жаңа жылын атап өту мерекесі, «Бір шаңырақ астында» этнофестивалі, ҚХА-ның, қалалық білім беру мекемелерінің жастарына арналған тренингтер мен шеберлік сыныптарын өткізу.
Қауымдастықтың мүшелері Павлодар облысы ҚХА ұйымдастыратын барлық мәдени іс-шараларға, сондай-ақ «Қамқорлық», «Мейірімділік керуені», «Мектепке жол» акцияларына белсенді қатысады.
Қ.Б. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде оқушылар корей мәдениетін, тілін, тарихын, салт- дәстүрлерін игереді.