Бұл веб-сайт әзірленуде. Деректердің дәлдігіне кепілдік берілмейді.
Сайт находится в разработке.
Корректность данных не гарантируется.

Достық үйі

Павлодар қаласы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 35/1

 
2008 жылдың 30 қыргүйегінде облыс орталығында «Достық үйі» мәдени-демалыс орталығы салтанатты түрде ашылды.
Павлодар Достық үйі – сәулет нысаны ғана емес, бұл – қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған негізгі жобаларды қолдауға ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсететін орталық.
 

Достық үйінің негізгі міндеттері:

·  Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) қызметінің ғылыми-сараптамалық, ақпараттық және талдамалық сүйемелдеуін ұйымдастыру;
· ҚХА жұмысының ұйымдық, әдістемелік және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі;
· ҚХА мақсаттарын іске асыруға бағытталған жұмыста этномәдени және басқа да қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарға қолдау көрсету;
· ҚХА қызметінің әдістемелік, ұйымдық, қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінің тиімді жүйесін құру.

2015 жылдың наурыз айында Достық үйі Павлодар облысы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ болып қайта құрылды. Этносаралық келісіммен қоса, идеологиялық жұмыстар мен еріктілікті қолдауға да басымдық берілді.

  Көлемі 5 137 м2 қамтитын 4 қабатты ғимаратта:

· Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) хатшылығы;
· «Қоғамдық келісім» КММ әкімшілігі;
· 24 облыстық этномәдени бірлестік, 34 шығармашылық ұжым мен қоғамдық құрылымдар  кеңселері;
· Ақсақалдар кеңесі;
· Аналар кеңесі;
· «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдігі;
· Ғылыми-сараптамалық топ;
· Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы;
· «Қазақ тілі» қоғамы;
· Қ.Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебі орналасқан.
 

                          Инфрақұрылым мен мүмкіндіктер:

· 150 орынға арналған акт залы: конференциялар, кездесулер және әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізуге арналған орын;
· Этномәдени бірлестіктердің кеңселері: этностардың мәдени мұрасын сақтау және насихаттау орны;
· Көрме алаңдары: этностардың тарихы мен мәдениетіне арналған экспозициялар;
· Әдебиет кітапханасы мен этностар мұражайы: дәстүрлер, тілдер мен идеялар тоғысатын мәдени және зияткерлік орталық. Мұнда түрлі тақырыптық кездесулер, кештер мен пікірталастар өтеді.
· Ұлттық жаңғыру мектебі: этностардың тілдері мен дәстүрлерін үйрету;
· Анастасия Цветаева музейі: жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған экспозициялар;
· «DostyqMediaPVL» медиа студиясы: этносаралық келісімді насихаттайтын бейнероликтер мен подкасттар түсіретін алаң;
· Коворкинг аймағы: жастар мен этномәдени бірлестіктер, ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдерімен кездесулер өткізетін кеңістік.
 
Жыл сайын облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктерімен бірлесе отырып, «Қоғамдық келісім» КММ 500-ден астам іс-шара ұйымдастырады. Бұл шаралар этносаралық келісімді, тұрақтылықты нығайтуға және қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға бағытталған. Достық үйі өңірдегі мәдениеттер диалогы мен бірлікті нығайтудың басты алаңы болып қала береді.
 

Құрылым 8 бөлімнен тұрады

1. Әкімшілік-басқару бөлімі
Мекеменің жалпы қызметін ұйымдастыру, басқару, сыртқы құрылымдармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
 
2. Қаржы және кадр жұмысы бөлімі
Бухгалтерлік есеп, бюджетті жоспарлау, кадрлық іс жүргізу және персоналды басқарумен айналысады.
 
3. Аналитикалық-әдістемелік жұмыс және ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу бөлімі
Ғылыми-зерттеу, талдау жұмыстарын жүргізеді, әдістемелік материалдар әзірлейді, сараптамалық қолдау көрсетеді.
 
4. Этносаралық қатынастар саласындағы медиация орталығы
Этносаралық даулар мен келіспеушіліктерді медиация тәсілдері арқылы шешумен айналысады.
 
5. Этносаралық қатынастар саласындағы ақпараттық жұмысты үйлестіру бөлімі
Ақпараттық науқандарды үйлестіреді, БАҚ пен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізеді, ағартушылық қызмет атқарады.
 
6. ЭМБ-мен (этномәдени бірлестіктермен) жұмыс және ҚХА қоғамдық-маңызды іс-шараларын ұйымдастыру бөлімі
Этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимылды ұйымдастырады, қоғамдық және мәдени іс-шараларды өткізумен айналысады.
 
7. ҚХА қызметін техникалық қамтамасыз ету бөлімі
Мекемені техникалық құралдармен, ақпараттық жүйелермен жабдықтап, техникалық қолдау көрсетеді.
 
8. Шаруашылық бөлімі
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету, сатып алу, ғимараттар мен көлікке қызмет көрсету жұмыстарын атқарады.