"ҚХА сыныбы" білім беру жобасы
Павлодар қаласының №24 орта мектебі базасында жүзеге асырылып жатқан бірегей білім беру жобасы аясында өңірдегі белгілі қоғам қайраткері, мемлекеттік тілді насихаттаушы,
Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының
«Татар-Башқұрт қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің негізін қалаушылардың бірі Минир Хамитович Галеевтің атымен аталған
қазақ тілі мен әдебиеті кабинеті ашылды.