Құрылған күні: 2006 жылғы 25 желтоқсан.
Орталықтың негізгі құрамы: басқарма, жастар қанаты, Аналар кеңесі,
Қ.Б. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің болгар бөлімі.
Орталықтың шығармашылық ұжымдары: «Бяла Роза» әйелдер, «Лазарки» жастар және «Цветанки» балалар вокалдық топтары.
Болгар ЭМБ-ң негізгі жобалары: «Бессараб болгар күні», «Коледа-Рождество», «Баба Марта», «Ұлттық тағамдар күні», «Славян әдебиеті күні», «Обичам България» атты оқулығын құрастыру.
Этномәдени бірлестіктің мүшелері «Достық трамвайы», «Қамқорлық», «Мейірімділік керуені», «Мектепке жол» акцияларына үнемі қатысады.
Қ.Б. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде оқушылар болгар тілін, мәдениетін, халық дәстүрін, қолөнерін үйренеді.