Бұл веб-сайт әзірленуде. Деректердің дәлдігіне кепілдік берілмейді.
Сайт находится в разработке.
Корректность данных не гарантируется.

Павлодар облысы

ҚХА жанындағы

«Жомарт жан» орталығының қызметі туралы


«Жомарт жан» орталығының төрағасы -

Дяк Аурика Георгиевна

«Жомарт жан» орталығы Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық құрылымы болып табылады.

Оның негізгі қызметі – азаматтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобаларды,

соның ішінде халықтық «Қайырымдылық керуені» жобасын іске асыру.

Орталық мұқтаж жандарға әлеуметтік және қайырымдылық көмек көрсетуге, балалар мен жастардың шығармашылық дамуына қолдау көрсетуге, сондай-ақ қоғамда қайырымдылық мәдениетін дамытуға үлес қосады.

Өз қызметінде Орталық Қазақстан Республикасының «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы»,

«Қайырымдылық туралы» заңдарын және «Жомарт жан» орталығы туралы Ережені басшылыққа алады.

Орталық Достық үйі базасында әлеуметтік маңызы бар бастамаларды іске асыруға,

қайырымдылық қызметті дамытуға және қоғамда рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға

үлес қосып жүрген белсенді азаматтар қатарынан құрылған.

Орталық құрамына ҚХА мен ЭМБ мүшелері, әлеуметтік белсенді азаматтар, қоғам қайраткерлері мен меценаттар кіреді.