Құрылған күні: 1996 жылғы 4 қаңтар.
Орталықта 15 бірлестік пен қызмет бағыттары жұмыс істейді: Ақсақалдар кеңесі, «Мейірімділік» қызметі, Аналар кеңесі, «Славянки» вокалдық ансамблі, Шиллер хорының ардагерлері, ерлер ансамблі және «Поречье» фольклорлық студиясы, А.Цветаева музейі, «Лира» әдеби-музыкалық салоны, Павел Васильев атындағы әдеби бірлестік, «Наследие» шығармашылық студиясы, жастар бірлестігі, Қ.Б. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің орыс сыныбы, «За чашечкой чая» әлеуметтік әңгіме клубы бар.
Маңызды халықаралық жобалар: «Қазақстан. Жер. Адамдар» көрме жобасы және Омбы, Новосібір облыстары мен Алтай өлкесімен ынтымақтастықтың әртүрлі бағыттары бойынша шекаралас өңірлермен жұмыс жатады.
Облыстың қалалары мен аудандарында Славян орталығының 10 бөлімшесі жұмыс істейді.
Славян орталығы мүшелері қызметінің негізгі бөлігі - «Қамқорлық», «Память нашего сердца», «Мейірімділік керуені», «Достық трамвайы», «Мектепке жол» және т.б. қайырымдылық акциялары.
«Славян мәдени орталығы» ҚБ-нің шығармашылық топтары мен бірлестіктері Қазақстан халқы Ассамблеясының облыста және одан тыс жерде өткізілетін барлық іс-шараға, «Бір шаңырақ астында» фестиваліне, «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні», Наурыз, Рождество, Масленица және т.б. мерекелерге белсенді түрде қатысады.