Бұл веб-сайт әзірленуде. Деректердің дәлдігіне кепілдік берілмейді.
Сайт находится в разработке.
Корректность данных не гарантируется.

«Павлодар облысы бойынша тәжік этномәдени орталығы»

қоғамдық бірлестігі

Төрағасы: Гулов Хусайн Шомахмадович

Құрылған күні: 2014 жылғы 27 ақпан

Орталықтың құрамында «Лола» би ансамблі қызмет етеді.

Негізгі жобалар: «Бір ел – бір тарих» жобасы, «Бір шаңырақ астында» фестивалі,  тәжік этносының ұлттық мәдениетін, тілін, тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін жаңғыртуға бағытталған басқа жобалар.   
Орталық белсенділері ұлтаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын нығайту және сақтау, адамгершілікті, азаматтық жауапкершілікті және қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу мақсатында жыл сайынғы ұлттық мереке – Республика күні және мемлекеттік мерекелер «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні», «Наурыз мейрамы» және басқа да қоғамдық-мәдени шараларға қатысады.
Этномәдени бірлестіктің мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырған  «Қамқорлық», «Мейірімділік керуені», «Мектепке жол» қайырымдылық акцияларының өткізілуіне атсалысады.