Павлодар облысы
Қазақстан халқы Ассамблеясы
Журналистер клубының қызметі туралы
Журналистер клубының төрағасы
Билялов Руслан Тлектесұлы
Павлодар облысы ҚХА жанындағы журналистер клубы — Қазақстан халқы Ассамблеясының
тұрақты жұмыс істейтін кеңесші-сараптамалық және ақпараттық органы болып табылады.
Журналистер клубы өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін,
сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының «Журналистер клубы туралы» Ережесін басшылыққа алады.
Журналистер клубының негізгі міндеттері – Қазақстан халқы Ассамблеясының және түрлі
этномәдени бірлестіктердің қызметін жариялау, этносаралық өзара іс-қимылдың жетістіктері мен оң мысалдарын көрсету, Қазақстанды төзімділік пен зайырлылық қағидаттарына негізделген мемлекет ретінде оң бейнеде таныту,
қоғамдық келісімді нығайтуға жәрдемдесу, бірлік пен ынтымақты, рухани-мәдени ортақтықты,
жалпыхалықтық құндылықтар мен «Әралуандықтағы бірлік» қағидатына негізделген патриотизмді насихаттау,
сондай-ақ этносаралық қатынастар мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында
дұрыс әрі шынайы ақпараттың жариялануын қамтамасыз ету.
Журналистер клубының құрамына «Ертіс Медиа», «Егемен Қазақстан» және
«Казахстанская правда» республикалық газеттерінің, телеарналардың, радионың, «Сарыарқа самалы»,
«Звезда Прииртышья» газеттері мен «Pavlodarnews» ақпарат агенттігінің өкілдері кіреді.