Бұл веб-сайт әзірленуде. Деректердің дәлдігіне кепілдік берілмейді.
Сайт находится в разработке.
Корректность данных не гарантируется.

Павлодар облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының

қызметі  туралы

Ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы

Ілиясов Серік Құрғамысұлы

Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық топ тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-талдамалық орган болып табылады.
Өз қызметінде ҒСТ  ҚР Конституциясын,  «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы»  ҚР Заңын және ҚР басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, Павлодар облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы туралы Ережені және ҒСТ  туралы Ережені басшылыққа алады.
ҒСТ  ҚХА-ның ғылыми қоғаммен байланысын нығайтуға, оның қызметін ғылыми жарияланымдар мен БАҚ-та жариялауға жәрдемдеседі, облыс ҚХА құзыретіне жататын мәселелер бойынша бағдарламаларды, заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді талдауды және сараптамалық бағалауды, өңірлік этносаяси процестерді, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық саясатты дамытудың негізгі бағыттарын ғылыми-сараптамалық бағалауды жүзеге асырады, өңірдегі этносаралық және конфессияаралық қатынастардың өзекті мәселелері бойынша ғылыми -зерттеу жұмысы, ғылыми ұйымдармен, қорлармен, Консультативтік сараптамалық кеңестермен және басқа да ұйымдармен өз қызметі мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасау, нормативтік - құқықтық актілер жобаларының қоғамдық мониторингіне қатысады. Ғылыми-сараптамалық топтың құрамына ҚХА мен Павлодар облысы ҚХА Кеңесінің, ғылымның, қоғам мен мәдениеттің өкілдері кірді.
ҒСТ  жұмысын төраға және оның орынбасары басқарып  үйлестіреді, хатшы ұйымдастыру жұмысын қамтамасыз етеді.