Құрылған күні: 2021 жылғы 30 қараша
Қоғамдық бірлестік құрамында «Офарин» вокалдық тобы қызмет етеді.
«Келажак авлод» өзбек орталығы қызметінің негізгі бағыттары: өзбек тілін үйрену, қайталанбас мәдениетін, әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрін жаңғырту, мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу, жастарға патриоттық тәрбие беру, этносаралық қарым-қатынасты кеңейту және нығайту.
Бірлестік мүшелері жыл сайынғы «Бір шаңырақ астында» этномәдениеттер фестивалінің, Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні және басқа мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шаралардың қатысушылары.
Этномәдени бірлестік мүшелері тақырыптық дөңгелек үстелдерге, кездесулерге, диалог алаңдарына және «Қамқорлық», «Мейірімділік керуені», «Достық трамвайы», «Мектепке жол» қайырымдылық акцияларына қатысады.