Құрылған күні: 1993 жылғы 23 сәуір.
Бірлестік құрамында «Тэйбелах» әйелдер вокалдық, «Мазаль» хореографиялық ансамбльдері, «Анахну» жастар клубы, «Тапуах» балалар студиясы бар.
Негізгі жобалар: этномәдени бірлестік мүшелері - аға буын өкілдеріне, көп балалы және мұқтаж отбасыларға көмек көрсету бойынша «Шаббат Шалом!», «Анахну» жастар клубы өкілдерінің балалар кітабын шығару жобасы және балаларға арналған «Ұйқы алдындағы ертегілер» онлайн жобасы.
«Мерказ» бірлестігінің мүшелері «Бір шаңырақ астында» этномәдени фестиваліне, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, Наурыз, мемлекеттік мерекелер, ұлттық мереке – Республика күні, түрлі әлеуметтік-мәдени іс-шараларға белсене қатысады.
Этномәдени бірлестіктің мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізетін «Қамқорлық», «Мейірімділік керуені», «Достық трамвайы», «Мектепке жол» қайырымдылық акцияларына тұрақты түрде қатысады.
Қ.Б. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде оқушылар иврит тілін оқып, еврей этносының тарихымен, мәдениетімен, әдет-ғұрыптарымен және дәстүрлерімен танысады.