Бұл веб-сайт әзірленуде. Деректердің дәлдігіне кепілдік берілмейді.
Сайт находится в разработке.
Корректность данных не гарантируется.
Құрылған күні: 1990 жылғы  сәуір

Бірлестік құрамы: басқарма, әлеуметтік комиссия, Ақсақалдар және Аналар кеңестері, «Ленц» неміс жастар клубы, 9 шығармашылық топ: «Nette Fruen», «ВИР», «Вайдхен», «Видергебурт», «Сеньёры» вокалдық топтары, «Фальтер», «Штернбильд» би ұжымдары, «Бунт» театралды топ,  Екібастұз қаласының би ұжымы.
«Возрождение» Павлодар облыстық немістер қоғамы» ҚБ-нің 7 филиалы және 3 еріктілер тобы жұмыс істейді.

Бірлестік қызметінің бағыттары: «Возрождение» қоғамдық бірлестігі жанынан ашылған Неміс үйінде ана тілі, вокал, би, қолөнер, ұлттық тағамдарды дайындау және басқа да бағыттар бойынша сабақтар жүргізіледі. «Возрождение» қоғамдық бірлестігі Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыратын жыл сайынғы «Бір шаңырақ астында» этномәдени фестивальға, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні, Наурыз, «Рождество» мерекелері мен басқа да әлеуметтік маңызы бар мәдени-көпшілік  іс-шараларға  қатысады.
 Этномәдени бірлестіктің мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыруымен өтетін «Достық трамвайы», «Қамқорлық», «Мейірімділік керуені», «Мектепке жол» акцияларының  тұрақты қатысушылары болып табылады.
«Қ.Б.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі» КММ  оқушылары неміс тілі сабағында неміс халқының тарихымен және мәдениеттімен, ұлттық салт-дәстүрлерімен танысады.