Қоғамдық бірлестіктің құрамына басқарма, Ақсақалдар кеңесі кіреді.
Негізгі жобалары: этномәдени бірлестіктің мүшелері этносаралық келісімді нығайтуға, қырғыз халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін, ұлттық және отбасылық құндылықтарын сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге, жастарды қазақстандық патриотизм, үлкенге құрмет, Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралар.
Этномәдени бірлестіктің мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шараларына, соның ішінде «Бір шаңырақ астында» және «Отбасы-тәрбие іргетасы» фестивальдеріне, «Қамқорлық», «Мейірімділік керуені», «Достық трамвайы», «Мектепке жол» және т.б. қайырымдылық акцияларына қатысады.