Бірлестіктің құрамы: Ақсу, Екібастұз қалаларында және аудандарда бірлестіктің 8 бөлімшесі, «Лилея» вокалдық ансамблі, «Джерела» әйелдер вокалдық ансамблі, халық хоры, Аналар кеңесі, Ақсақалдар кеңесі және жастар қанаты жұмыс істейді. Украин хоры - облыстық этникалық мәдениеттер фестивалінің жүлдегері.
Негізгі жобалар: облыстық «Бір шаңырақ астында», «Әнімді саған арнаймын, Қазақстан», «Отбасы – тәрбие іргетасы» фестивальдарына, шығармашылық концерттерге, әдеби сағаттарға және т.б. іс-шараларға қатысу.
«Т.Г.Шевченко атындағы украин мәдениетінің Павлодар серіктестігі» ҚБ «Қамқорлық», «Достық трамвайы», «Мектепке жол» және т.б. қайырымдылық акцияларының белсенді қатысушысы.
Қ.Б. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде оқушылар украин этносының тілін оқып, мәдениетімен, халықтың әдеп-ғұрпымен, салт-дәстүрімен танысады.