Бұл веб-сайт әзірленуде. Деректердің дәлдігіне кепілдік берілмейді.
Сайт находится в разработке.
Корректность данных не гарантируется.

Павлодар облысы «Джафар Джафарович Махмудов атындағы

«ВАТАН» Әзірбайжан қоғамы» қоғамдық бірлестігі

Төрағасы: Махмудов Муслим Джафарович

Құрылған күні: 1993 жылғы 31 наурыз

Әзірбайжан этномәдени бірлестіктері Екібастұз қаласы мен Тереңкөл ауданында да жұмыс істейді. Павлодар облысындағы әзірбайжан этномәдени бірлестіктері мүшелерінің жалпы саны 172 адамды құрайды. Бірлестік құрамында «Одлар юрду» вокалдық ансамблі бар.

Негізгі жобалары: әзірбайжан халқының «Новруз байрамы», «Оруджлуг байрамы»,«Гурбан байрамы» ұлттық мерекелері, көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына қолдау көрсету аясында әлеуметтік маңызы бар «Достық трамвайы» қайырымдылық жобасы. 
Этномәдени бірлестіктің мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізетін «Қамқорлық», «Мейірімдік керуені», «Мектепке жол» қайырымдылық акцияларына және басқа да  іс-шараларға тұрақты түрде қатысады.
 «Қ.Б.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі» КММ-нің әзірбайжан бөлімінде мектеп жасындағы балалар әзірбайжан тілін үйреніп, халық мәдениетімен және салт-дәстүрлерімен танысады.