Бұл веб-сайт әзірленуде. Деректердің дәлдігіне кепілдік берілмейді.
Сайт находится в разработке.
Корректность данных не гарантируется.

«Павлодар облысының «Келажак авлод» өзбек орталығы»  

қоғамдық бірлестігі

Төрағасы: Ахмедова Зухра Абдилатифовна

Құрылған күні: 2021 жылғы 30 қараша

Қоғамдық бірлестік құрамында  «Офарин» вокалдық тобы қызмет етеді.
 «Келажак авлод» өзбек орталығы қызметінің негізгі бағыттары:  өзбек тілін үйрену, қайталанбас мәдениетін, әдеп-ғұрпы мен салт-дәстүрін жаңғырту, мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу, жастарға патриоттық тәрбие беру, этносаралық қарым-қатынасты кеңейту және нығайту.
Бірлестік мүшелері жыл сайынғы «Бір шаңырақ астында» этномәдениеттер  фестивалінің, Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні және басқа мемлекеттік мерекелерге арналған іс-шаралардың қатысушылары.

Этномәдени бірлестік мүшелері тақырыптық дөңгелек үстелдерге, кездесулерге, диалог алаңдарына және «Қамқорлық», «Мейірімділік керуені», «Достық трамвайы», «Мектепке жол» қайырымдылық акцияларына қатысады.