Құрылған күні: 1990 жылғы 3 қараша.
Орталықтың құрамы: облыс бойынша татар орталығының 7 бөлімшесі, «Чишмя» вокалдық ансамблі, «Мирас» жастар қанаты, Аналар кеңесі, «АҚ қалфақ» әйелдер клубы, ересектерге арналған татар тілі курстары, араб графикасы курстары жұмыс істейді.
Негізгі жобалары: 15 жыл бойы «Сабантой» халық мерекесі, «Сомбеля» мерекесі өткізіледі, «Отбасы – тәрбие іргетасы» фестиваліне, «Соембикя» әдеби-музыкалық клубына, жыл сайынғы «Бір шаңырақ астында» этникалық мәдениеттер фестиваліне қатысу.
Қызметтің негізгі бағыттары:мемлекеттік мерекелер аясында өңірдегі этносаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған іс-шараларға, сондай-ақ Семей қаласындағы татар мәдениеті фестиваліне, «Қамқорлық», «Достық трамвайы», «Мектепке жол» акцияларына қатысу. «Чишмя» вокалдық ансамблі қалалық трамвайдағы концерттік бағдарламаның белсенді қатысушысы болып табылады.
«Қ.Б.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі» КММ-де оқушылар ана тілін оқып, татар этносының мәдениетімен және дәстүрлерімен танысады.