Құрылған күні: 1995 жылғы 3 сәуір.
Бірлестік құрамына қоғам басқармасы, Аалар Кеңесі, Ақсақалдар Кеңесі, Жастар қанаты, Қ.Б.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің поляк бөлімшесі кіреді.
Этномәдени бірлестіктің қызметі бірнеше бағытта жүзеге асырылады:
• Польшадан келген мұғалімдердің жетекшілігімен балалар мен ересектерге ана тілін, поляк мәдениетінің тарихын оқыту;
• Павлодар Ертіс өңірінің поляктары туралы естеліктерді сақтауға, жерлеу орындарын күтуге, мұрағаттармен ынтымақтастыққа бағытталған волонтерлік іс-шаралар;
•шығармашылық қызмет Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-шараларына, Қазақстанда және шетелде өтетін фестивальдер мен байқауларға белсенді қатысатын «Сырэны» әйелдер вокалдық тобы мен «Нарцыз» жастар вокалдық-хореографиялық ансамблі қызметінің шеңберінде жүзеге асырылады;
• «Қамқорлық», «Мейірімділік керуені», «Мектепке жол» акциялары аясында қоғамның мұқтаж мүшелеріне қайырымдылық көмек көрсету;
• Спорттық бағыттағы жұмысты «Полония» спорт клубының мүшелері жарыстар мен спорттық іс-шаралар өткізуімен жүзеге асырады.
Қоғамның тұрақты түрде жүзеге асыратын негізгі жобалары: «Что бы помнили», еріктілер жобасы және «Летят над степью звуки Полонеза» тарихи бал, виртуалды жарыстар.