Құрылған күні: 2001 жылғы 12 қазан
Қоғамдық бірлестіктің жанында «Ертіс казактары» халықтық ансамблі мен «Воля» халықтық казак ән ансамблі жұмыс істейді.
«Дала өлкесінің казактар одағы» қоғамдық бірлестігінің мақсаты казактардың әдеп-ғұрпы мен ән мұрасын сақтау, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету, жастарды қазақстандық патриотизм, үлкенді сыйлау, казак өсиеттерін ұстану рухында тәрбиелеу болып табылады.
Негізгі жобалар: Павлодар облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктерінің «Бір шаңырақ астында» жазғы фестиваліне, облыстық, қалалық, аудандық іс-шараларға, жастарға арналған дөңгелек үстелдер мен кездесулерге, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізетін іс-шараларға қатысу.
Этномәдени бірлестіктің мүшелері «Мектепке жол», «Қамқорлық» сияқты қайырымдылық акцияларына тұрақты түрде қатысады. Осыған қоса мемлекеттік мерекелерде ардагерлерге қолдау көрсетіп, қарттар үйіне барып концерт қояды.