Құрылған күні: 2015 жылғы 3 сәуір
Қызметінің негізгі бағыттары: грузин мәдениетін жаңғырту және танымал ету, жастармен дөңгелек үстелдер мен кездесулер ұйымдастыру және өткізу, облыстық, қалалық және аудандық іс-шараларға белсенді қатысу.
Негізгі жобалар: «Ртвели» егін жинау мерекесін өткізу, жыл сайынғы «Бір шаңырақ астында» этномәдени фестиваліне және ұлттық мереке - Республика күніне және Наурыз, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні сияқты мемлекеттік мерекелерге арналған түрлі іс-шараларға қатысу.
Этномәдени бірлестіктің мүшелері «Қамқорлық», «Мейірімділік керуені», «Мектепке жол» сияқты қайырымдылық акцияларына және Қазақстан халқы Ассамблеясының басқа да іс-шараларына тұрақты түрде қатысып келеді.