Құрылған күні: 2019 жылғы 9 қыркүйек
Қоғамдық бірлестіктің жүзеге асыратын негізгі жобалары: «Акатуй», «Сурхури», «Чуклеме» мерекелері, өнер көрмелері және еңбек ардагерлерімен кездесулер ұйымдастыру.
ЭМБ мүшелері «Наурыз мейрамы», «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мемлекеттік мерекелеріне, «Бір шаңырақ астында» фестиваліне, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған мерейтойлық іс-шараларға қатысады.
Сондай-ақ «Фанагория» этномәдени бірлестіктің мүшелері «Қамқорлық», «Мектепке жол», «Мейірімділік керуені», «Достық трамвайы» қайырымдылық акцияларының және Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізетін іс-шараларының қатысушылары.