Құрылған күні: 2005 жылғы 4 сәуір
Орталықтың ұйымдастырушылық құрылымын басқарма, Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесі, «Баксан» жастар бірлестігі құрайды.
Орталық жанында «Эльбрус» және «Минги Тау» хореографиялық ансамбльдері, «Теберда» вокалдық тобы жұмыс істейді. Орталық қарашай, черкес, кабардин және балқар этностарының өкілдерін біріктіреді.
Негізгі жобалары: ұлттық мәдениетті дәріптейтін «Айран кюн» «Хычын кюн», «Арбаз», «Навруз», «Өркендеп, өсе бер, тәуелсіз қазақ елі!», «Аналар күні» мерекелері және «Бір шаңырақ астында» жазғы этнофестиваль.
Этномәдени бірлестік Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастыратын
қайырымдылық акциялары мен қоғамдық іс-шараларға тұрақты түрде қатысады.
Қ.Б. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде балқар тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін оқыту бойынша сабақтар жүргізіледі.