Құрылған күні: 2000 жылғы 3 мамыр
Орталықта «Крыницы», «Надзея», «Сябрята» және «Пралескі» ансамбльдері, «Беларусачка», «Падарункі» клубтары, Ақсақалдар мен Аналар кеңесі, жастар бірлестігі бар.
Негізгі жобалар: «Рождество», «Масленица», «Вялик дзень», «Спас Яблочный», «Дзень Маці», «Свято Бульбы», «Купальскi спевы», «Дажынкi», «Гуканне вясны» халықтық мерекелерді жаңғырту және танымал ету.
Орталық жыл сайын ұлттық және мемлекеттік мерекелерге, соның ішінде «Не воевавшие, мы помним…» және Павлодар қаласының № 1 балалар көркемсурет мектебімен бірлесе отырып, «Мир вашему дому» байқауын өткізеді.
«Жүректен жүрекке» жобасы аясында Павлодар ауданындағы Шақат балалар үйіне демеушілік қолдау көрсетеді. ЭМБ мүшелері «Таза Қазақстан» акциясы мен «Достық трамвайы», «Қамқорлық», «Мейірімділік керуені», «Мектепке жол» қайырымдылық акцияларына қатысады.
«Беларусь» мәдени орталығы» ҚБ жыл сайынғы «Бір шаңырақ астында» фестиваліне қатысады. Қалалық мұражайларда беларусь мәдениетімен, суретшілер мен жазушылардың шығармашылығымен таныстыру мақсатында көрмелер өткізіледі.
Оқушылар Қ.Б. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінде беларус тілін, мәдениетін, халық дәстүрін, қолөнерін меңгереді.