Бұл веб-сайт әзірленуде. Деректердің дәлдігіне кепілдік берілмейді.
Сайт находится в разработке.
Корректность данных не гарантируется.

«Павлодар облыстық «Айреник» армян қоғамы»

қоғамдық бірлестігі

Төрағасы: Петросян Эльмира Бениковна

Құрылған күні: 1995 жылғы 24 ақпан 

Қоғам құрамында  басқарма, Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, жастар бірлестігі, әдеби үйірме, «Эребуни» вокалдық тобының шығармашылық ұжымы, би үйірмесі, «Тикнаик» әйелдер клубы жұмыс істейді.

Негізгі жобалары: Армандар орындалады» қайырымдылық жобасы.
ЭМБ мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясы өткізетін түрлі мәдени іс-шаралар мен «Достық трамвайы», «Қамқорлық», «Мейірімділік керуені», «Мектепке жол» және т.б. қайырымдылық акцияларына қатысады.
2025 жыл Павлодар облыстық «Айреник» армян қоғамы үшін айтулы жыл болды, ол биыл өзінің 30 жылдығын атап өтті. Мерейтойға орай «Наири» жастар қанатының жетекшісі Тигран Паноян бастаған қоғамдық бірлестік пен «Tiger Food» компаниясы «Мейірімділік керуені» қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Достық үйінде армян тілі мен мәдениетін дамыту үшін барлық жағдай жасалған, мұнда 2004 жылдан бастап «Қ.Б.Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі» КММ-де балалар ана тілін оқып, салт-дәстүрлермен танысады.